• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:31:58
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Ресей Қырғызстанның барлық қарыздарын есептен шығаруға дайын

Ресей Қырғызстанның барлық қарыздарын есептен шығаруға дайын

Алмазбек Атамбаевтың 2017 жылдың маусым айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Ресейге Қырғызстанның қарыздарын мерзімінен бұрын және бір реттік шығару туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл парламентке ұсынылған хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасында айтылған.

Заң жобасының бастамашысы - Қаржы министрлігі 2012 жылы Ресей Федерациясы Қырғызстанның 488,9 млн.доллары мөлшеріндегі барлық қарыздарын есептен шығаруға келісті деп түсіндірді. 2013 жылы Ресей 188,9 млн.доллар қарызын кешірген болатын. Келісім бойынша қалған сома 300 млн.доллары 10 жыл ішінде - 2016 жылдан бастап 2025 жылға дейін - жылына 30 млн.долларын құрайтын болады.

Ал 2017 жылғы 20 маусымда Алмазбек Атамбаевтың Ресейге сапары барысында 2012 жылдан бергі Ресей Федерациясының алдындағы берешегін реттеу туралы Келісім хаттамасына қол қойылды. Хаттаманы бекіту қарызды ертерек және дереу қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қырғызстанның Ресей Федерациясына ағымдағы қарызы жойылады.

Қаржы министрлігінде атап көрсетілгендей, 240 млн. АҚШ доллары көлеміндегі біржолғы қарызды есептен шығару сыртқы мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-нің деңгейін 3,8% -ға төмендетеді. Келісімнің күшіне енуі үшін ішкі рәсімдерді өткізу қажет.

 

Marzhan Abish

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір