• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:43:11
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2018 Экономика

Ресей Қазақстанның себебінен 25 миллиард рубльден айырылды – БАҚ

Ресейлік металлургтер қазақстандық өнімдерді Ресей нарығына жеңілдікпен жеткізу есебінен 25,2 млрд рубль жоғалтқан.

Ресейлік металлургтер қазақстандық өнімдерді Ресей нарығына жеңілдікпен жеткізу есебінен 25,2 млрд рубль жоғалтқан. Бұл туралы РИА Новости нарықтағы дереккөзге сілтеме беріп хабарлады.

«25,2 млрд рубль – субсидияланған жеткізілімдердің өсуі негізінде ресейлік нарықтағы бағаның күрт төмендеуіне байланысты металлургтердің тікелей шығыны. Бұл жоғалған табыс, тиісінше бес млрд доллар – Ресей бюджетіндегі жетіспейтін салықтың есебі», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Ресей нарығындағы ең ірі болат өндіруші «Русская сталь» кәсіпорыны Ресейдің Индустрия және сауда министрлігіне жүгінді. Металлургтер министрліктен ресейлік нарықтағы қазақстандық жеткізілімдерге ЕАЭО стандарттарына сәйкес анализ жасауды сұрады.

Ресейлік компаниялардың ойынша, қазақстандық металлургтерге берілген субсидиялар ЕАЭО нормаларына сәйкес келмейді. Тергеу нысаны тегіс суық прокат, иленген ыстық және беті жабық тегіс прокат болды, деп жазды РИА Новости.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір