• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:27:56
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 IT

Ресей қауіпсіздік күштері iPhone-дарды бұзатын құрылғы сатып алды

Компания технология гаджеттен суреттерді, шалынған қоңырауларды және мессенджерлердегі хат-хабарлар мен жазбаларды көшіріп ала алады.

Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы мен Ішкі істер министрлігі израильдік Cellebrite компаниясынан смартфондардың соңғы модельдерін бұзатын құрылғылар сатып алған. Бұл туралы BBC хабарлады.

Компанияның мәліметінше, технология гаджеттен суреттерді, шалынған қоңырауларды және мессенджерлердегі хат-хабарлар мен жазбаларды көшіріп ала алады.

Тергеу комитетінің Волгоград облысы бойынша басқармасы жаңа құрал-жабдықты 800 мың рубльге сатып алған. Ішкі істер министрлігінің Хабаровск өлкесі бойынша басқармасы барлығы бір миллион рубльге құрылғы алған.

2016 жылы Тергеу комитеті ведомство қызметкерлері заманауи смартфондарды бұзатын технологияны қолданатынын ресми түрде растаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір