• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:49:44
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 NEWS

Ресей нарығына экспорт: «KazakhExport» «KSP Steel» ЖШС-ға қолдау көрсетті

Бұл құрал қазақстандық банктер арқылы қазақстандық тауарларды сатып алу үшін шетелдік компанияларға ұсынылады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) «KSP Steel» ЖШС-не өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауға қолдау көрсетті. Бұл жайында Премьер-министрдің сайтында хабарланды.

«KSP Steel» мұнай-газ саласына арналған жапсарсыз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Ішкі нарықты қамтамасыз ете отырып, компания өз өнімдерін таяу және алыс шетелге, оның ішінде АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Белоруссияға экспорттайды.

Отандық кәсіпорынға «KazakhExport» ұлттық компаниясы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе отырып экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша 450 млн ресей рублі көлемінде қолдау көрсетті.

Экспорттық сауданы қаржыландыру – «KazakhExport» ұлттық компаниясының шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімдерге сұранысты ынталандыру құралы. Бұл құрал қазақстандық банктер арқылы қазақстандық тауарларды сатып алу үшін шетелдік компанияларға ұсынылады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір