• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:59:54
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Оқиғалар

Ресей Думасы: ӘЧ кезінде қыздар шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түспесін

Бұл жалғызбасты әйелдердің санын көбейтеді деп мәлімдеп отыр.

Ресейде  Отбасы, әйелдер мен балалар  ісі бойынша Мемлекеттік Думаның басшысы Тамара Плетнева ресейлік қыздарды  футболдан  Әлем чемпионаты кезінде шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түспеуге шақырды. Бұл жалғызбасты әйелдердің санын көбейтеді деп мәлімдеп отыр. Бұл жайында Лайф.ру жазды. 

— Совет дәуірі кезінде балалар соның салдарынан  зардап шекті. Мен ұлтшыл емеспін, бірақ біз өз ұрпағымызды көбейтуіміз керек, - деп мәлімдеді Плетнева.

Шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түсу тек жалғызбасты аналардың санын арттырмайды, сонымен қатар толық емес отбасыда тәрбиеленетін балалардың да санын көбейтеді. 

Айта кетерлігі, футболдан әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымында басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір