• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:50:06
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Рамзан Қадыров: Путин Ресейді өмірінің соңына дейін басқарсын

Сонымен қатар Кадыров Шешенстанның Путиннің арқасында гүлденіп жатқанын айтып өтті

Шешенстан басшысы Рамзан  Қадыров Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге мемлекетті өмірінің соңына дейін басқаруды тіледі. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.

Шешенстан президенті өзінің Телеграмм парақшасында пост жазды. Ол жазба өзінің Шешенстан билігінде отырғанына 11 жыл толуымен байланысты. Рамзан Қадыровтың айтуынша, ол осы уақытқа дейін Путиннің үмітін ақтау үшін қызмет етіп келген.

«Жоғарғы бас қолбасшызға өмірінің соңына дейін елді басқаратын ұзақ ғұмыр тілеймін. Ал біз оған адал қызмет етіп, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын боламыз», деп жазды Кадыров.

Сонымен қатар Кадыров Шешенстанның Путиннің арқасында гүлденіп жатқанын айтып өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір