• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:33:08
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Әлеумет

ҚХДР мен АҚШ арасы тағы ушықты: Екі ел бір-біріне қарсы соғыс өртін тұтатты

АҚШ президенті Дональд Трамптың «Солтүстік Кореяның түбіне жетуге дайындалып жүрмін» деген сөзін КХДР тарапы жауапсыз қалдырмады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың «Солтүстік Кореяның түбіне жетуге дайындалып жүрмін» деген сөзін КХДР тарапы жауапсыз қалдырмады. Бұл жолы Пхеньян АҚШ-ты «отты ұшқындармен» қорқытты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Пхеньян делегациясының талқылауында TASS ақпараттық агенттігі тілшісінің ҚХДР СІМ басшысы Ли Ен Хоға «АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөздер болуы мүмкін бе?» деп қойған сұрағына басшы: «Қазіргі АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар жариялап, қысым көрсетіп әрі соғыс қаупін төндіріп отырған жағдайда келіссөздер жүргізуге қолайлы сәт жақын арада туады деп ойламаймын», - деп жауап берді.

Айта кетейік, сәрсенбіге қараған түні Корей түбегінің үстімен екі американдық стратегиялық бомбалаушы ұшағы ұшып өтті. Бұл туралы Оңтсүтік Корея әскері мәлім етті. Америка тарапы болған жағдайды жапондық және Оңтүстік кореялық әскери ұшақтарымен бірлесіп түнгі жаттығулар өткізгенін айтты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, осы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп құқық қорғау органдарының басшыларымен Солтүстік Кореяның агрессиясына қалай жауап беруге болатын мүмкіндіктерді талқылап отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір