• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:43:33
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 NEWS

Қуандық Бишімбаев сот үкіміне шағым түсірді

ҚР ҰЭМ бұрынғы басшысы шағымында өзіне қатысты үкімді заңсыз әрі негізсіз шығарылды деп есептейді.

Сотталған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев сот үкіміне шағым түсірді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

ҚР ҰЭМ бұрынғы басшысы шағымында өзіне қатысты үкімді заңсыз әрі негізсіз шығарылды деп есептейді.

«Растап бере аламын: өзі де, біз де - адвокаттары апелляциялық шағым түсірдік. Сот үкімімен келіспейміз. Қуандық Бишімбаевты кінәсіз деп есептейміз. Сот тергеуі кезінде оның айыбы дәлелденген жоқ. Сот алды тергеу кезінде де, сот тергеуі кезінде де қылмыстық-процестік кодекстің талаптары өрескел бұзылды деп санаймыз. Қорғану құқығы бұзылды. Басты дәлеліміз оның кінәсіздігі және айыбының дәлелденбеуі», - деді экс-министрдің адвокаты Мәди Мырзағараев.

Сонымен қатар, адвокат Бишімбаевтың сот залында сөйлеген сөздерін де келтіріп кетті.

«Бишімбаев өз көзқарастарын, дәлелдерін сот тергеуі кезінде, сөзжарыста және соңғы сөзінде түгелдей айтты. Ол бұл эпизодтарға қатысы жоқ екенін нақты түсіндірді. Біреу-міреулер заңды бұзған да шығар, бірақ оның қатысы жоқ. Оның қандай да бір әрекеттерге қатысы барын түгелдей жоққа шығарамыз», - деді Бишімбаевтың адвокаты.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы наурыздың 14-і Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевты пара алғаны жөнінде айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Ал, істің қалған 22 фигуранты түрлі жазаға кесілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір