• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:52:25
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Әлем

Құран немесе Конституция: Орта Азияның саяси өміріндегі исламның рөлі

Соңғы 25 жылда Орта Азияда мұсылмандарға және саяси исламға деген көзқарас қалай өзгерді?

Соңғы 25 жылда Орта Азияда мұсылмандарға және саяси исламға деген көзқарас қалай өзгерді?

Исламның әсері жай ғана дін немесе пайғамбардың сөзі шеңберінде ғана емес, саяси күште де әлем бойынша белең алып тұр. Оның үстіне мұндай үрдіс дәстүрлі мұсылмандарға ғана емес, демонстрациялық зайырлы мемлекеттерде де жүріп жатыр.

Бұл туралы зерттеушілер мен саясаттанушылар тобының түрлі аймақтардың тарихи тәжірибесін сараптамадан өткізу нәтижесінде шыққан баяндамасында оқылды.

Әсіресе КСРО құлаған соң-ақ исламның өркендеуі байқалған Орта Азия елдерінде мұндай беталыс ерекше байқалды.

Тәжікстан

Мемлекетте ислам дінінің өркен жаю процесі 1992-1997 жылғы қанды азаматтық соғысты жаншуға септігін тигізді.

Демократиялық ахуал мен саяси еркіндіктің талабы діни сенімнің де еркіндігін талап етуге әкеп соқты. Республика тұрғындарының көбі дінді еркін ұстанып, мешіттерге барып, білім алуды көздеді.

Алайда кебір радикалды азаматтар бұл шешіммен келіспей, елде Ирандағыдай мұсылман мемлекетін құрғысы келді.

Тәжікстан билігі бұл шешімге түбегейлі қарсылық танытты. Ал шартты «исламдық демократтар» үкіметпен арнайы ымыраға келуден бас тартты. Елде соғыс басталды.

Бірнеше жылға созылған әскери қақтығыстың соңы бітімге келумен аяқталды: қаруланған исламшылдар тобы қару-жарақтарын жинады, есесіне олардың өкілдері мемлекеттік лауазымдарды иеленіп, Тәжікстан парламентінен орындар бұйырды.

Сөйтіп 2015 жылға дейін елде Тәжікстанның исламды қалпына келтіру партиясы жұмыс істеді. 2015 жылы қорғаныс министрінің орынбасары Абдулхалим Назарзода мемлекеттік төікеріс әрекетін қолға алды. Тәжікстан прокуратурасының пікірінше, исламды қалпына келтіру партиясының басшылығын көтерілісті ұйымдастырушылармен тікелей қатысы бар деп санады.

Соңғы жылдары билікпен жиі қақтығысқа ұшырап жүрген партия түбі террористік болып, басшылығы темір тордан бірақ шықты.

Бүгінде Тәжікстанда ислам саяси өмірден бірашама алыстаған, имамдар мен мүфтилер мемлекеттік қызметкерлер ретінде ай сайынғы жалақы алып тұрады. Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон хиджаб киюді Тәжікстанның ұлттық салтына нұқсан келтіретінін талай айтты.

Өзбекстан

Тәжікстанға қарама-қайшы жағдай Өзбекстаннан байқалады. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары мемлекетте бұрын-соңды болмаған діни көтеріліс орын алды. Баяндама мәліметіне сәйкес, 1989 жылдан 1993 жылға дейін мешіттердің саны 300-ден 6000-ға дейін көтерілді, адамдардың қажылыққа баруы жиіледі.

Сол уақыттарда Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов дін саласын мемлекеттік қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Оның өзіндік себебі де болды – көршілес Тәжікстандағы діни ахуал мен Өзбекстандағы Ислам қозғалысы. Нәтижесінде күш құрылымдары имамдардың әр қадамын аңдуға көшті, 90 жылдардың соңында 1000-ға жуық мешіт жабылды.

1999 жылы Ташкентте болған жарылыс, 2005 жылы «Акромия» террористік тобының пайда болуы өзбек билігінің таңдаған саясатының әділдігіне сендірді.

Бүгінде республикада екі жақты жағдай орын алған. Бір жағынан билік діни институттардың көбеюін қолдайды. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев елге сапары барысында мешіттерді, медреселер мен мәдени жерлерді міндетті түрде аралап шығады. Және қажылыққа квотаны ұлғайту қажеттілігі туралы да жиі айтады.

Екінші жағынан, мемлекеттік құрылымдар исламды ұстанатындарға күдікпен қарайды.

Қырғызстан

Діни еркіндік мәселесінде Қырғызстан Республикасы Орта Азия бойынша көш бастап тұр десек те болады.

Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаев діни жаңаруға аса сақтықпен қараған, діннен гөрі тарихи-мәдени салтты жоғары қойды. Ал басшылыққа Құрманбек Бәкиев келген соң жағдай өзгерді.

Бәкиев діни мәселелерді ашық талқыға салып тұрды. 2001 жылы 11 қыркүйекетегі саяси исламнан кейі де басшының мұсылмандық институтқа деген көзқарасы өзгере қоймады. Елде мешіттер саны артты.

Sputnik Тәжікстан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір