• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:32:46
Алматы
+35°

25 Желтоқсан, 2017 NEWS

Құрама Штаттар БҰҰ бюджетінің қысқарғанын қолдайды

Құрама Штаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 2018-19 жылдарға арналған бюджетінің 285 миллион долларға қысқарғанына қолдау көрсетті.

Құрама Штаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 2018-19 жылдарға арналған бюджетінің 285 миллион долларға қысқарғанына қолдау көрсетіп, "дұрыс бағытқа дұрыс қадам жасалды" деп атады.

24 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы алдағы екі жылдың бюджетіне 5,396 миллиард доллар бекітті. Бұл 2016-2017 жылдарға қарағанда, 285 миллион долларға аз, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады. 

Бұл сонымен бірге БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш сұраған 5,4 миллиард доллардан шамалы аз. Құрама Штаттар әдеттегідей БҰҰ-ның бас доноры ретінде қалып отыр. Негізгі бюджеттің 22 пайызын қаржыландырады.

"Бюджетті үнемдеу арқылы біз штатты және БҰҰ-ның қолдау функциясын қысқарттық. Негізгі артықшылықтарды нығайттық және барлық жүйе бойынша есеп беретін тәртіп енгіздік", - деп мәлімдейді АҚШ елшісі Никки Хейли.

Ол сонымен бірге "америкалықтардың жомарттығын пайдалануға және бақылаусыз қалуына жол бермейміз" деді.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль астанасын Иерусалим деп мойындаудан бас тартқан БҰҰ резолюциясын қолдағандарды қаржыландыруды тоқтатамыз деген. Резолюцияны 128 ел қолдап, 9-ы қарсы болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір