• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:43:45
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 Саясат

Құны 20 млн теңге тұратын үйді 4 млн теңгеге ала аласыз

Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Астанада ҚР Парламентінің біріккен отырысы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «7-20-25» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

– Біз халықтың баспанаға қол жеткізуі үшін соңғы жылдары көп жұмыс істедік. Былтыр 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй аумағы берілді. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордық көрсеткіш. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін талай отбасы үйсіз-күйсіз жүр, - деді Елбасы.

Президент тұрғын үй ипотекасын жалпақ жұртқа қолжетімді қылу арқылы осы мәселені шешуді тапсырды.

– Жұмыс істейтін әр азамат несиеге пәтер сатып ала алатындай тетіктерді қарастыруымыз қажет. Мен «7-20-25» деген жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Еңбек етуші әр қазақстандық мынадай шарттармен тұрғын үйді қарызға ала алады: сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей жылына 14-16 пайыз емес, 7 пайыздан аспайды. Қазір банктер бастапқы жарнаға 30, кейде 50 пайызын сұраса, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері 20 пайыздан аспауы керек. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі, - деп түсіндірді президент.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір