• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:07:51
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2017 NEWS

ҚР СІМ Түркияда жол апатына түскен қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді

Алматы мен Талдықорғаннан барған қазақстандық 7 турист Түркияның Кемер қаласында жол апатына түсті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алматы мен Талдықорғаннан барған қазақстандық 7 турист Түркияның Кемер қаласында жол апатына түсті. Соның салдарынан Түркияның 4 азаматы қаза тапты. Қазақстандық туристер аман, алайда бірнеше жарақат алған. Оқиға 21 қыркүйекте болған.

«Қазақстанның Анталиядағы елішілігі біздің азаматтармен әрдайым байланыста, ауруханаға барып тұрады. Жеті дос Анталияға өздері барған, өкінішке қарай, сақтандыру полисі болмаған. Сондықтан жол апатынан кейін отаның және медициналық қызметтердің ақысы бойынша қиындықтар туды. Алайда біздің дипломат түрік тарапымен бес азаматтың медициналық шығындарын қаза болған такси жүргізушісінің сақтандыру компаниясына төлетуге қол жеткізді. Қалған екі азаматтың ота ақысы бойынша мәселесі шешіліп жатыр», – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Жайнақовтың айтуынша, қазір жарақат алғандардың жағдайлары тұрақты. Екеуінің жамбас буыны сынған, бір қыз бастан қатты соққы алған, үшеуі де өздігінен қозғала алмайды. Оларды Қазақстанға тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері шешіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір