• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:42:07
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 NEWS

ҚР СІМ Таиландта жол апатына түскен отандастардың жағдайы туралы айтты

Таиландтағы дипломаттар Пхукет аралында  жол апатына түскен Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста

Қазақстанның 8 азаматы Таиландта жол апатына түскен. ҚР СІМ Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы айтты. Ведомстваның хабарлауынша, Таиландтағы дипломаттар Пхукет аралында  жол апатына түскен Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста және қажетті көмекті көрсетіп отыр.

«9-шы қаңтарда Hanuman World саябағында жол апатына  түскен 8 Қазақстан азаматының 4-і ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі бүгін ауруханадан шықты. Екеуіне ота жасалды. Қалған 4-і жеңіл жарақат алды. Барлығында медициналық сақтандыру бар» делінген СІМ-нің Telegram парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір