• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:35:54
Алматы
+35°

09 Наурыз, 2018 Саясат

ҚР СІМ бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға белсенді түрде атсалысады

Елбасының бес бастамасын Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ұзақ мерзімдік стратегиясымен байланыстыру керек.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес жаңа әлеуметтік бастамасы миллиондаған қазақстандықтың өмірін түбегейлі өзгертеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпараттың мәліметіне сүйеніп.

Осы арқылы экономика серпінді түрде дамып, орта тап күшейеді, елдегі адам әлеуеті артады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті.

Министрдің ойынша, ауқымды газ құбырын тарту жобасы Орталық Қазақстанда тұрақты энергетика мен экология мәселесін шешпек.  

Қ.Әбдірахмановтың айтуынша, Елбасының бес бастамасын Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ұзақ мерзімдік стратегиясымен байланыстыру керек.

ІІМ, сонымен қатар, елдегі университеттердің халықаралық байланысына, шетелдік педагогтар тартуға, тәжірибе алмасуға көмектесетінін жеткізді. 

«Білім және әлеуметтік саясат саласындағы кешендік іс-шараларды күшейту экономиканы дамытуға септігін тигізеді.  Елбасымыз әлемдік іс-тәжірибеге сүйене отырып әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуде көпшілікке үлгі бола алады», - деді Қ.Әбдірахманов.

5 наурыз күні Парламент палаталарының біріккен отырысында жарияланған бес әлеуметтік бастама қатарына ипотекалық несиенің жаңа үлгісі, жалақысы төмен азаматтарға салықтық жеңілдік жасалуы, жоғары білімнің қол жетімділігі мен сапасы, шағын несие көлемін ұлғайтып, газ құбырын тарту сияқты жаңалықтар кіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір