• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:19:23
+35°

08 Қазан, 2017 Саясат

ҚР СІМ Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сыйлықты тапсыру кезінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір айтқан

ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімінде айтқан сөзіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды.

Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз.

Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді» делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сыйлықты тапсыру кезінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір айтқан.

«Мен әділ сайлау өткіземін. Халық өз басшысын таңдауы керек. Халық кімді таңдаса, яғни ол адам соған лайық. Қазақ билігі Бәкиевті жақсы көреді. Сондықтан дәл сондай басқарушыларды бізге таңғысы келеді. Мен әлі күнге дейін Қазақстанның ресми өкілдерінен Бәкиевтің адамдарды атқанын дұрыс дегенін естимін» деді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір