• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:25:11
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2017 Фото-баян

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына — 19 жыл! (Фото)

53975 әскери бөлімінің ҚР ҚК парашютті даярлық орталығының әскери қызметшілері қатысқан оқу жаттығуы.

18 тамыз күні ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына — 19 жыл толады. Осыған орай Әуе қорғанысы күштерінің арнайы оқу-жаттығуына Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен журналистер қосыны қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.

Қапшағай көліндегі су бетіне парашюттен секіру оқу-жаттығуына журналистер Алматыдан UH-1 Iroquois / HU-1 "Huey" әскери тікұшағымен бардық.

Бізді алып ұшқан командир майор Айдар Ажыбеков және көмекші майор Виталий Люгай болды.

53975 әскери бөлімінің ҚР ҚК парашютті даярлық орталығының әскери қызметшілері қатысқан оқу жаттығу турасында ҚР ҚК Парашют даярлығы орталығының бастығы подполковник Леонид Дудкин:

«Бүгінгі оқу-жаттығуға 53975 әскери бөлімі және 32356 әскери бөлімі қатысып жатыр. Бүгінгі жаттығудың мақсаты Олар парашюттен су бетіне секіру және құтқару желетін пайдаланып аман қалу тапсырмаларын орындайды. Одан бөлек құтқарушы топпен сәйкесіп жұмыс істейді. Бәрімізде білетіндей Қазақстанның жері кең, таулы, шөлді, орманды, далалы, территориямыз бар. Сондықтан түрлі жағдайда парашютпен түсіп, қажетті тапсырмаларды орындау Парашют даярлығынан өткендердің басты міндеті. Бұл оқу-жаттығуды әскерилерді соған тәрбиелейді. Су бетіне парашюттен секіргендердің есте сақтауға тиісті ең басты ісі суға қонбастан бұрын парашюттен құтылу, олай етпеген жағдайда соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Бүгін 4m/s жылдамдыққа дейінгі парашюттен секіру жүріп жатыр», - деп атап өтті.

Ал, 53975 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің офицері Дархан Құсайынов:

«Әуе қорғаныс күштерінің Парашют даярлығы орталығының әскерилері жылына 2 немесе 4 рет суға секіреді. Бүгін жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілер «Insider-300 SF» парашюттік жүйесімен 1200 метрге дейінгі биіктікте парашюттан секіру үстінде. Олар су бетіндегі белгіленген квадратқа түседі. Парашют даярлығы орталығының әскери қызметшілері күндіз-түні жерге де, суға да, тауға да, дайындалмаған ортаға да парашютпен секіруге әр уақытта дайын болуы керек. Сондықтан жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес олар әр айда парашюттен түрлі ортада секіріп тұрады. «Insider-300 SF» басқарылатын және дайындалмаған жерлерге қонуға арналған парашют болып саналады. Бүгін 14 әскери қызметші парашюттен секірді. Парашют даярлығы орталығының қызметшілері тікұшақ көтеріле алатын 4500-5000 метр биіктіктен секіре алады», - деп атап өтті.

Әрі ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің барша қызметкерлерін мерекесімен құттықтады.

Оқырманның қаперіне салсақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мақсатымен      1998 жылғы 1 маусымда құрылған.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.

Әуе қорғанысы күштерінің құрамына әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әуе қозғалысын басқару органдары кіреді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір