• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:36:34
Алматы
+35°

24 Шілде, 2016 Шаруашылық

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметовтың Атырау облысына жұмыс сапары

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, - деп...

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жұмыс сапары шеңберінде облыс әкімдігінің алаңында Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңесте облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, облыс әкімі және оның орынбасарлары, сонымен қатар аудан әкімдері және жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, «Атамекен» ҰКП, «КазАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кеңестің өткізу барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және сүт қабылдайтын орындарды және отбасы бордақылау аландарын құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жұмысын орталықтандыруды ұйымдастыру мақсатында ауыл шаруашылық кооперативтеріне жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жолымен жеке қосалқы шаруашылықтарының мүмкіндігін пайдалану есебінен қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жүктеу бойынша шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.     

Министр саланы қосымша қаржыландыру бойынша қабылданатын шаралар, субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялық тартымдылықты арттыру туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру, әсіресе мамандандыру сызбасына сәйкес келуін және өндірістік қуаттылығының бар болуы, сонымен қатар органикалық өнімдер нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жұмыстарды белсендіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде Атырау облысы бойынша 20,9 мыңнан астам тұрғындары өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып есептеледі, оның ішінде 14,8 мың адам өнімді жұмыспен қамтылған, жеке қосалқы шаруашылықтарда 80 %-дан астам сүт және 80 %-дан астам ет өндірілетінін айта кеткен жөн.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір