• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:30:26
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 NEWS

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Ерлан Тоқтарханұлы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы тағайындалды.

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы тағайындалды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы - Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей Кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген. 2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013-2016 жылдары ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болып істеген.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2 дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір