• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:01:46
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2018 NEWS

ҚР ІІМ 70 көлік соқтығысқан жол апатына қатысты пікір білдірді (видео)

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева Қапшағай тас жолында болды делініп, әлеуметтік желіде...

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева Қапшағай тас жолында болды делініп, әлеуметтік желіде видеосы тараған жаппай көлік апатына қатысты пікір айтты. "WhatsApp қолданушылары арасында жаппай көлік апатының видеосы тарап жатыр, онда жол апаты Қапшағай - Алматы тас жолында болды делінген. Алайда Қазақстан территориясында мұндай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Тексерілмеген қауесетті таратпаңыздар!", - деп жазды ведомствоның өкілі Facebook парақшасында.

Кей дерекке сүйенсек, бұл оқиға өткен аптада Американың Айова штатында болған. Көктайғақ пен жолдардың көрінбеуі салдарынан тас жолда 70 автокөлік соқтығысып бір адам қаза тауып, бірнеше адам ауыр жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір