• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:37:33
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұрбек Оршыбеков 1979 жылы Өзбекстанда Шыршық қаласында  дүниеге келген.

Нұрбек Орышыбеков ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Нұрбек Оршыбеков 1979 жылы Өзбекстанда Шыршық қаласында  дүниеге келген. Жоғары білімі бар, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

2003–2004 жылдары түрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет еткен.

2004–2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметінен бастап, кафедра доцентіне дейін еңбек еткен.

ҚР БҒМ құрылымында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Алматы және Астана бойынша білім беру саласындағы Бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.  

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір