• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:51:44
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2018 NEWS

ҚР БҒМ 7 жастағы балаға қатысты сараптама қашан жүргізілгенін айтты

Вице-министр ведомстаның кеш ақпараттанғаны білім департаментінің жауапкершілігінде екенін айтты.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 7 жастағы ОҚО тұрғынына қатысты сот-медициналық сараптама 2018 жылдың ақпан айында жасалғанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бізде департаменттің ресми мәліметі бар, бірақ оны жариялай алмаймыз. Онда балалардың жеке деректері бар. Бұл – сот-медициналық сараптама. Оңтүстік Қазақстан облысы берген ресми құжат», - деді Бибігүл Асылова.

Сараптаманың ақпанда жүргізілгенін ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков те растады.

Вице-министр жағдай ведомства бақылауында екенін айтты.

«Алғашқы өтініш 15 ақпанда келді. Сол уақыттан бері біздің комитет ОҚО білім департаментімен байланыста. Өтініш білім басқармасынан келіп түсті» деді Асылова.

Вице-министр ведомстваның кеш ақпараттанғаны білім департаментінің жауапкершілігінде екенін айтты.

«Барлық сараптама жүргізіліп болғаннан кейін бұл мәселені жай қалдырмаймыз», - деді вице-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір