• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:22:54
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 Саясат

ҚР азаматтары Біріккен Араб Әмірлігіне визасыз сапарлай алатын болады

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірлігі аумағына 2018 жылдың 10 наурызынан бастап визасыз кіру құқығына ие болды.

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірлігі аумағына 2018 жылдың 10 наурызынан бастап визасыз кіру құқығына ие болды, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

-Қазақстан мен БАӘ екі мемлекеттің азаматтары үшін 2017 жылдың мамырында Астанада 30 күн ішінде визалық талаптарды жою туралы келісімдерге сәйкес, ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтады, - деді ол.

Бұл келісім 2018 жылдың 10 наурызында күшіне енеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтары визасыз сапарлай алатын мемлекеттердің санын келешекте де арттыра беруді жоспарлайды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір