• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:00:34
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

Қостанайлық жасөспірім лифтте қаза тапты

Лисаков қаласында тұрып қалған лифттен өз еркімен шықпақ болған жасөспірім қаза болды

Лисаков қаласында тұрып қалған лифттен өз еркімен шықпақ болған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Оқыс оқиға 12 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған.

«6 шағын аудандағы үйлердің біріндегі лифт шахтасында екі жасөспірімнің бөгеліп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың бірі өз еркімен шықпақ болған кезде лифт жүріп кеткен. Жеделсатыға қысылып қалған 2002 жылғы жасөспірім көз жұмды. Ал екінші бала қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлады Тәйкешев.

Қайғылы жағдайға ескі лифтідегі ақау себеп болды деген болжам бар. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 306 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір