• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:48:50
Алматы
+35°

Қостанайда туберкулез диспансері аумағында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлады alau.kz.

Жедел жәрдем дәрігерлері мен полицейлер оқиға орнына шұғыл келді.  

Баланы жедел жәрдем көлігі облыстық ауруханаға жеткізді.  

Бұл ақпаратты Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс менеджері Ксения Жылқыбаева растады.  

"Жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бала тірі, алайда жағдайы өте ауыр. Комада. Ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде", – деді Ксения Жылқыбаева.  

Қазіргі уақытта дәрігерлер хал үстінде жатқан баланы аман алып қалуға күш салып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір