• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:51:45
Алматы
+35°

05 Қараша, 2017 NEWS

Қостанайда өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қостанайдағы КСК шағын ауданында өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қостанайдағы КСК шағын ауданында өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға 5 қараша күні Қобыланды батыр көшесіндегі 24-ші үйде болды. 

«Өрт сөндіруге 24 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды. Солтүстік өңірлік аэро-ұтқыр жасағынан 4 адам шақыртылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны өрт ошағында қалған адамдарды іздеді. Тұрғындар жоғарғы қабаттан автосатылар арқылы төмен түсірілді. Өрт 02:37-де ауыздықталды», — деп жазған ТЖД баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде. Өрт аумағынан 1960 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.  Барлығы 64 адам қызыл жалыннан оқшауланды. Оның ішінде алтауы  - балалар. Өрт толықтай 3:04 сағатта өшірілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір