• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:49:17
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2017 Әлеумет

Қоқыс жәшігінен табылған сәби қайыршы ер адамның өмірін ғажайыпқа айналдырды (ФОТО)

Егер ғажайыпқа сенетін болсаңыз, ол міндетті түрде орындалады. Тіпті, ең үлкен сыйдың өзін қоқыс жәшігінен табуға болады екен. Бұған төмендегі оқиға дәлел.

Егер ғажайыпқа сенетін болсаңыз, ол міндетті түрде орындалады. Тіпті, ең үлкен сыйдың өзін қоқыс жәшігінен табуға болады екен. Бұған төмендегі оқиға дәлел.

Оқиға осыдан 8 жыл бұрын Қытайда орын алған. Сюн есімді қайыршы өзіне жейтін азық табу үшін әр күні көшелердегі қоқыс жәшігін ақтарумен өтеді. Сондай бір күнде Сюн қоқыс жәшігінің ішінен баланың жылаған дауысын естиді. Үңіліп қараса, көрпеге оранған сәби жатыр екен. Көрпесінде «2007 жылы 15 қазанда дүниеге келген» деген жазуы бар қағаз табылды. Сюн бір амалын қарастырмаса, сәбидің өліп кетуі мүмкін екенін түсінді. Сөйтіп, өзі көмектесуге бел байлайды.

Сол күннен бастап екі адамның өмірі түбегейлі өзгереді.

Алғашында ер адам сәбиді балалар үйіне апармақ болады. Алайда, ешбірінде орын болмай, басшылары қабылдаудан бас тартқан. Бұл да бір тағдырдың берген сыйы шығар деп Сюн сәбиді өзі тұрып жатқан кішкентай ғана үйіне алып кетеді.

Сюнның әйелі де болған. Бірақ, бұндай жоқшылыққа шыдай алмаған ол үйінен кетіп қалады, біраз уақыттан соң заңсыз жерде орналасқан үйлерін де бұзып тастайды. Сәбимен далада қалған Сюн қайтсе де қыз баланы өсіп-жетілдіремін деп ойлайды. Оған Яньянь деген есім қояды. Өзінің ішуін доғарады. Жаман әрекеттерінен арылады. Нағыз әке болуға тырысады. 

Сюн мен сәби Наньчан қаласының орталық көпірін паналап, күн кешеді. Баланы өз қызындай қабылдаған ер адам өзі аш қалса да, қызын ештеңеден тарықтырған емес. «Қаншалықты қиын болса да, мен қызымды өзі ер жетіп, өз күшімен ақша таба алатындай жағдайға жетпейінше тастап кетпеймін» деп жүретін адамдарға.

Сондай-ақ, Яньянның қылықтары да тәтті болған екен. Ол оқығанды жақсы көрген, өлең оқып, ән айтып көпір астындағы өздері секілді адамдарды әрдайым көңілдендіріп отыратын. Алайда, Сюнь қызының жасы 8-ге келді, бірақ әлі мектепке бармай жүргеніне алаңдаулы. Екеуінің де тіркеу құжаттары болмағандықтан, қыз ешқандай мектепте білім ала алмайтын көрінеді. Сол себепті, Сюн мен басқа да үйсіздер қызға өздері оқып-жазуды, тіпті арифметиканың негізін үйретеді.

Далада өскеніне қарамастан қыздың денсаулығында ешқандай ақау жоқ. Сюн да баласынан өзінің бар жылулығын аямаған. Оны өмірінен де артық жақсы көреді екен. Өзі түксіз қалса да, қызын қалай да адам қылатынына үйсіз ер адам сенеді. Бұл оқиғаны оқыған Фейсбук қолданушылар өздерінің көмектерін аямайтынын жарыса жазып жатыр. Нәтижесі оң болар деп сенеміз.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір