• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:19:28
Алматы
+35°

Неміс сәнгері, Chanel  сән үйінің креативті директоры, Карл Лагерфельд  Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның карикатурасын салды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Fashion Network-ке сүйеніп жазады.  

Түрлі-түсті қарындаштармен бейнеленген карикатурада Ким Чен Ын шылым шегіп тұрған сәтінде ұшып бара жатқан зымыранның үстінде отыр. Неміс сәнгері Лагерфельд  өзі салған туындысының астына «Ким Чен Ын – жаңа барон Мюнхаузен» деп жазып қойған.

Fashion Network

Карикатураға Frankfurter Allgemeine Magazin басылымының редакциясы сұраныс берген. Бұл басылым Frankfurter Allgemeine Zeitung неміс газетінің айлық қосымшасы. Мұнда сәнқой Лагерфельд «Карикатура» айдарын жүргізіп отырады. Оның сатиралық туындылары қатарында Ангела Меркельдің және өзге де танымал саясаткерлердің бейнелері бар.

Fashion Network

Бұдан бұрын Карл Лагерфельд Голивудтың аты шулы продюсері Харви Вайнштейнді шошқа ретінде салған карикатурасы атақты болып кеткен еді. Оның астына былай деп жазылған: «Сіз Шванштейнді білесіз бе?» («шванштейн» неміс тілінен аударғанда шошқа деген мағынаны білдіреді).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір