• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:00:48
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 NEWS

Қоғам қайраткері Уатқан Жарқынбайұлы дүние салды

Уатқан Жарқынбайұлы – Ресейде білім алып, хирург болған, қаншама сырқаттың дертіне дауа тапқан адам.

Алаштың арда туған азаматы, қоғам қайраткері Уатқан Жарқынбайұлы ақсақал бүгін Есік қаласында жерленді.

Тәңір ісіне талас жоқ, өзекті жанға бір өлім бары хақ.

Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын! Туған-туыстары мен жерлестеріне қайғырып көңіл айтамыз.

Уатқан Жарқынбайұлы – Ресейде білім алған хирург, қаншама сырқаттың дертіне дауа тапқан адам. Қазақтың халық емін батыс ғылымымен ұштастырған бірнеше медициналық кітаптың авторы.

Моңғолия қазақтарының белсендісі, ақыл айтып, жол көрсетер ақсақалы тәуелсіздіктің алғашқы жылында атажұртқа оралды. Дүниеден дәмі таусылып, жазуы біткен сәтте риза көңілмен аттанғаны анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір