• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:31:59
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 NEWS

ҚМДБ Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты Оразаның жаңа кестесін ұсынды

Мұсылман жамағатының назарына Қазақстанның барлық облыстарына арналған Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты 2018 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын бекітті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусымның 10-нан 11-не қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

"Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты назарларыңызға 2018 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын ұсынамыз!

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Рамазан айының қай күні басталатындығына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір