• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:19:47
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Қызметкерлеріне қол көтерген басшы: "Выскочка" деген әдеби сөз (видео)

Мадина Дүйсенбаеваның қызметкерлерге тіл тигізуге қатысты өткен кеңес отырысында оның қызметкерлерді ұрғаны да анықталды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мадина Дүйсенбаева қол астындағы қызметкерлерді балағаттағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Мадина Дүйсенбаеваның қызметкерлерге тіл тигізуге қатысты өткен кеңес отырысында оның қызметкерлерді ұрғаны да анықталды. Комиссия мүшелері отырыс барысында экс-бөлім басшысының қызметкерлерге қарата айтқан балағат сөздер жазылған аудио жазбаны тыңдады.

Мадина Дүйсенбаева аудиодағы өзі емес екенін айтып, сендіруге тырысты.

«Бұл аудио жазбаның маған ешқандай қатысы жоқ. Аудио жазба бойынша ешқандай түсініктеме бере алмаймын» дейді Мадина Дүйсенбаева.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істейтін қызметкер әйелдің оны ұрып, қолындағы қағаздарды лақтырып жібергенін, қағаздарды алмақ болған жерінен тепкенін айтады.  

Мадина Дүйсенбаеваның өзі ол уақытта эмоцияға ерік бергенін айтып ақталғысы келді.

Кеңесте Сандықтау ауданы әкім орынбасарының Мадина Дүйсенбаеваның үстінен түсірген шағымы да қаралды. Экс-бөлім басшысы оны да балағаттаған.

Мадина Дүйсенбаева аудан әкімінің орынбасарына қарата "Выскочка" сөзі балағат сөзге  жатпайтынын және оның әдеби сөз екенін айтып ақталды. Отырыстың аяғына қарай әйел өз кінәсін мойындады.

Комиссия кеңесе келе Мадина Дүйсенбаева мемлекеттік жұмыста істеуге лайық емес деген шешімге келіп, оны жұмыстан шығарып жіберді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір