• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:11:36
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Аймақтар

Қызметін асыра пайдаланған интернат директоры жұмысынан босатылды (видео)

Интернат директоры ыдыс-аяқ сындырып, қол астындағы қызметкерлердің намысына тиген.

Ақтаудағы мүгедек балаларға арналған мектеп-интернатының директоры ыдыс-аяқ сындырып, дау шығарғаннан соң жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Қуаныш Берішбаев мәлімдеді.

Берішбаевтың сөзінше, оқиға 7 маусым күні №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған. Мекеме қызметкерлері мен директор арасындағы қақтығыстың видеожазбасы Facebook-те жарияланған.

«Оқиға бейсенбі күні кешкі уақытта болды. Мен осы адамдармен және мекеме директорымен кездестім. Болған жағдай бойынша комиссия құрылып, толық тексеру жүрізілді. Директор Шаттыгүл Қаракүшікова 8 маусымда қызметінен босатылды. Бұл - директор мен 10 мекеме қызметкерлері арасындағы ішкі қақтығыс», - деп атап өтті басшы.

Оның айтуынша нақты шешім комиссияның жұмысынан кейін қабылданады. «Оның қызметіне қайта оралуы комиссияның тексерісінен кейін белгілі болады. Мұнымен қоса еңбек басқармасы интернатты да тексереді. Осы уақытқа дейін ұжым директордың атына арыз жазған», - деді Берішбаев.

Шаттыгүл Қаракүшікова 2017 жылдың тамыз айынан бері психоневрологиялық үй-интернатын басқарады. «№3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ҚМУ психоневрологиялық ауруы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тәулік бойы тұрақты қызмет көрсетіп, уақытша тұруға, арнайы әлеуметтік қызметтерге арналған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір