• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 12:17:50
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2016 NEWS

Қызылша шырынының пайдасы

Егер қанайналымыңыз дұрыс емес болса, онда сізге қызылша көмекке келеді. Қызылша шырыны қан айналым жүйесіндегі бұлшық ет талшықтарының санын көбейтеді. Бұл...

Егер қанайналымыңыз дұрыс емес болса, онда сізге қызылша көмекке келеді. Қызылша шырыны қан айналым жүйесіндегі бұлшық ет талшықтарының санын көбейтеді. Бұл талшықтар жүгіру кезінде адамның үнемі сергек жүруін қамтамасыз етеді, - деп жазады massaget.kz.

Адам спортпен айналысқан кезде мүмкіндігінше қызылшадан жасалған шырын ішуі тиіс. Өйткені қаңқа бұлшық еттерінде қан айналымын жақсартатын азот қышқыл тұзы бар. 100 грамм саумалдықта қанша азот қышқылының тұзы болса, қызылша шырынынында да сонша болады. Ол ағзада қан тамырларын кеңейтетін азот тотығына айналады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұлшық еттегі талшықтардың жақсаруы қан айналымын 38 пайызға жақсартады екен. Бұл, әсіресе, тез қысқаратын талшықтар үшін пайдалы.

Шырынның тағы бір пайдасы ағзада қышқыл жоғары болуымен күреседі. Қанды тазартып, қаназдықты емдейді. Сонымен бірге қызылшада калий, магний, ниацин, темір мен биотин секілді пайдалы элементтер көптеп кездеседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір