• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:51:46
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 NEWS

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАЛШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

Малшылардың айтуына қарағанда, мал өсірудегі бірден-бір қиындық — жем-шөптің жетіспеушілігі.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында IV-облыстық малшылар слеті өтті. 2015 жылы алғаш рет өткізілген шара биыл төртінші рет ұйымдастырылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала екендігін атап өтті.

Малшылар слетінің төрт жыл қатарынан ұйымдастырылуы мен шараға жыл сайынғы  қатысушылар санының артуы — Қызылорда облысының ел экономикасындағы мал шаруашылығының үлесін көбейтіп жатқанының дәлелі. Ата кәсіпті нәсіп еткендер қатарында жиырмадан асқан жалынды жастар да, зейнетке шыққан қариялар да бар.

Слеттің маңыздылығы — облыстың жеті ауданынан келетін малшыларды жүздестіріп қана қоймай, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру екеніне сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көз жеткіздік. Слетке бақташы ағайын жыл сайын қатысып, түрлі мараптаттарға ие болып, басқа малшылармен дәмдес болып, пікір алмасып, келер жылға бұдан да жақсы көрсеткіш көрсетуге құлшыныс, демеу алып қайтады.

Арал ауданының тұрғыны Файзолла Нағашыбайұлы 2005 жылдан бастап осы кәсіппен айналысатынын айтады. Аналық сиырын 80 бастан 140 басқа дейін көтерген бақташы өзінің кәсібінің өркендейтініне сенімді:

Әу баста түйе өсірумен айналыстым. Қазір де 80 бас аналық түйе өсіремін.  Түйелерді будандастырып, сүті бар түйе шығардым. Кейіннен ақбас сиыр өсірдім. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал сатып, ет өндіремін,-дейді ол. Бақташының айтуынша, Арал ауданы құмды аймақ болғандықтан сүт өндіруге табиғаты қолайсыздау. Сондықтан ол тек ет өндірумен айналысады. Осының өзінде малшының облыстағы мал шаруашылығының дамуына айтарлықтай үлесін қосып келеді.

— Жем-шөпке шығын көп кетеді. Десе де, шығынды ақтау үшін еңбек етеміз. Қазір үкімет қаржылай көмектесіп жатыр,-дейді малшы Ф.Нағашыбайұлы.

Ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативінің иесі Болат Мақсат 2015 жылдан бастап мал өсірумен айналысады. Бүгінде өз кәсібінде 15 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен:

«Сыбаға» бағдарламасымен қаржылық қолдау 5,5 млн, одан бөлек тағы, 30 млн теңге несие алдым. Жеті жылға жеті пайызбен несие алғандықтан, кәдімгідей қолайлы. Жылқы етінің бір келісін 1400 тг, сиыр етін 1300 теңгеден сатамыз. Облыста кәсіпкерлікті қолдау жақсы дамып келе жатыр,-дейді кәсіпкер.

vfkis

Малшылардың айтуына қарағанда, мал өсірудегі бірден-бір қиындық — жем-шөптің жетіспеушілігі.

Облыс әкімі бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын, жақын арада шешілетінін айтады.

"Мал шаруашылығын дамытуда шешімін күткен: жем-шөп қорының жеткіліксіздігі, мал басының жеке сектордағы үлесінің басым болуы, жергілікті мал өнімділігінің төменділігі сияқты мәселелер бар",-дейді әкім.  Оларды шешу мақсатында жайылымдық жерді барынша тиімді пайдаланып, ет, сүт, жүн, теріні терең өңдейтін жаңа технологияларды енгізу және жеке секторда отбасылық шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру мен оларды ауыл шаруашылығы кооперативіне біріктіру керек дейді ол.

Айта кету қажет, соңғы 5  жылдың өзінде салаға тартылған инвестиция 23 есеге ұлғайды. Өткен жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы облыстық бюджеттен мал шаруашылығын дамытуға 1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биыл 1,3 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Облыста мал басы, өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты - 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 29,6%, жылқы – 50,4%, түйе саны – 52,5%-ға көбейіп отыр. Оның ішінде, соңғы 5 жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда ет өңдіру 2,7 есеге көбейсе, сүт өндірудің көлемі 1,6 есеге артып отыр.

сүт

малшв

мал

мал

Облыста «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының аясында мал басы көбейіп, тұқым түрлендіру жұмыстары атқарылып жатыр екен.  Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын репродукторлық шаруашылықтар құрылған. Тек соңғы 5 жылда 4,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара, 36 мың бас қой сатып алынды, жылына 23 мың бас мүйізді ірі қара малын бордақылайтын алаң құрылыстары салынды.

Аймақ басшысының айтуынша, ол бір жағынан, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, екінші жағынан, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиімді мүмкіндік береді.

Дәстүр бойынша аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері ҚР АШМ медальдары мен құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан бөлек, 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында гала-концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

қызылорда

жаңақорған

Жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, облыс әкімі Қ.Көшербаев келесі жылы малшылар слетін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды. 

жаңақорған

 

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір