• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:26:07
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 NEWS

Қызыл түске боялған өзенге қатысты мамандар пікір білдірді

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзеніне қатысты пікір білдірді.

 Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзеніне қатысты пікір білдірді. Мамандардың айтуынша, зерттеу жұмыстары үшін анализ жасалған.

«Сағат таңғы 8-де өзеннің маңын аралап шықтық. Бірақ қызыл түске боялғанын байқамадық. Сонда да өзеннің басынан аяғына дейінгі аралықта анализ жүргіздік. Қазіргі уақытта видеоның авторымен байланысуға тырысып жатырмыз. Видео фейк болмаса, түпкілікті тексереміз. Өзен маңындағы барлық объектілер тексеріліп жатыр. Ертең судағы санитарлық-химиялық қоспаның зерттеу нәтижесі белгілі болады, ал судағы бактериялық қоспаның нәтижесі үш күннен соң белгілі болады», - деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялған видеосын жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір