• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:51:29
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Әлеумет

Қызы үшін елді өмір бойы еркекпін деп алдаған мысырлық әйел (видео)

Нағыз әйел деген кім? Күйеуі қайтыс болғанда баласына қамқор бола алатын адам

Мысырлық әйел қызын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету үшін елді 42 жыл бойы еркекпін деп алдап келген. Мысырдың оңтүстігіндегі ауылда ер адамдар әйелдермен салыстырғанда көбірек ақша табады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

BBC журналисі Сеса Абу Дау Луксорденің тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Сеса Абу Дау Луксорденің әңгімесінің қазақша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Менің есімім Сеса Абу Дау Луксорде. Мен аяқ киім тазалаймын. Мысырдың оңтүстігіндегі Аль-Богдади ауылында тұрамын. Көп қиындық көрдім. Күйеуім жүктілігімнің алтыншы айында қайтыс болды. Қыз босандым. Осындай баға жетпес сый үшін Құдайға алғыс білдіремін.

Қайта тұрмыс құра алмадым. Тамақ табу қиын болды. Құрылыста жұмыс істедім. Күніне бірнеше тыйын ғана таптым. Әкем де ағам да көмектеспеді. Жаны жәнәтта болсын, анам ғана қолынан келгенше қол ұшын берді. Жұмыста болғанда қызыма қарады.

Әйелдердің киімін кию? Ешқашан!

Маған ұзақ қараған адамды басыммен ұратынмын. Қызу қандымын. Ешкім мені ештеңеге мәжбүрлей алмайды. Ол адамды ұрып тастаймын. Құдай маған күш берді.

Бізге ешкім ешқашан көк тиын да берген емес. Барлығын өзім істеуге тура келді. Тек анам ғана көмектесті.

Адамдар мені жақсы көреді. Аяқ киімін тазалау қажет болса мені тауып алады. Мұсылмандар да, христиандар да бірдей жақсы қарайды. Мереке күндері садақа береді.

Аяғым ауыра бастағанда осы дүңгіршекті аштым. Барлығы мынау қорапша үшін. Мен тек өлгенде ғана бұл қорапшаны тастаймын.

Нағыз әйел деген кім? Күйеуі қайтыс болғанда баласына қамқор бола алатын адам.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір