• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:55:35
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Аймақтар

Қыздар университетінде БҰҰ қорының өкілдігі ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысының ресурстық орталығы ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысының ресурстық орталығы ашылады.

«Алдағы уақытта Қыздар университетінің Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мен аталған жастар қозғалысы бірлесіп, студенттерге гендерлік теңдік, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру  жайында семинар-тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие», - дейді аталған оқу ордасы баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Айта кетейік, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы үлесі үлкен. Ұйым қызметі негізінен ана денсаулығын сақтау, әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсетуге бағытталған.

Бүгінде Y-Peer/Жас құрдастар қозғалысы әлемнің 44 елінде қызмет атқарады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік теңдікті сақтау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту - басты мақсаты болып табылады. Ұйым 1999 жылы БҰҰ жастарды дамыту және қорғау мәселелері бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бастамасымен негізі қаланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір