• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:12:17
Алматы
+35°

30 Қараша, 2017 Аймақтар

"Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі шетелде сахналанады

М.Әуезовтың «Қарагөз» спектаклін неміс тілінде көрсетеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобаларды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Ұлттық болмыстың өзегі болып саналатын қазақстандық мәдениетті әлемге таныту үшін Елбасы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын ұсынғаны баршамызға аян.

Отандық мәдениеттің заманауи бейнесін ашып, оның әлемдік аренаға жол тартуына оң ықпал ету және жоғарыда аталған ірі мәдени жобаны іске асыру мақсатында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы және Республикалық неміс драма театры 2017 жылғы желтоқсан айында Еуропа мемлекеттерінің астаналарында үлкен гастрольдік турне өткізуді жоспарлауда. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде дала театрының элементтерін пайдалана отырып «Ұлы Дала театры» атауымен "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклін ұсынады. Ал Республикалық неміс драмы театрының әртістері қазақ ұлттық драматургиясының шыңы – М.Әуезовтың «Қарагөз» спектаклін неміс тілінде көрсетеді. (қойылымдар француз,неміс,ағылшын, орыс тілдерінде субтитрмен жүреді)

Қыз Жібек

Үлкен гастрольдік турдың маршруты ірі мәдени орталықтарға айналған келесі қалаларды қамтиды:Берлин (Германия) –– Париж (Франция) - Канн (Франция) – Вена (Австрия)-Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей).

Қазақстандық әртістердің халықаралық гастрольдері «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға зор үлес қосып, отандық мәдениетті әлемге Біріккен ұлттар ұйымының алты тілінде таныстырудың оңтайлы тәсіліне айналатынына сенімдіміз.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір