• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:38:54
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Әлеумет

Қыз жалаңаштанса мәз, қытайға тисе зар жылайды. Логика қайда, еркектер?

Видеоны Facebook әлеуметтік желісіне таратқан адам ұлтшылдарды жинап, видеодағы қыздарды «құртайық» деп жігіттерге үндеу тастапты.

Facebook әлеуметтік желісінде жалаңаштанған қыздардың көлік жуып жатқан видеосы таралды. Видео авторы көлік жуу орны Ақтауда екенін айтып достары мен таныстарын шақырды.

Маркетологтардың айтуынша, кейде кәсіп иелері клиент тарту үшін осындай құйтырқы әрекеттерге барады. Бұған дейін де Астанадағы мейрамхана иесі қалталы шенеуніктерді қызықтыру үшін сымбатты, әртүрлі тақырыпта сөйлесе алатын қыздарды жалдаған. Олар мейрамханада отырып келген қонақтармен әңгіме дүкен құрады. Қонақ пен қыздардың арасындағы әңгіме саясаттан басталып, өмір жайлы философияға дейін ұласады.

Бұрындары кәсіпкерлер өз кәсібін жүргізіп, тұтынушыларды қызықтыру үшін сапалы қызмет көрсетіп, қызмет бағасын да қолжетімді етуге тырысатын. Қазір бәсекелестік мықты болғандықтан, осындай лас қадамдарға баратыны өкінішті.

Желі қолданушылары, ақша үшін бөтен еркектің алдында жалаңаштануға әзір қыздардың барына қынжылатынын жеткізген. Енді бірі «Маңғыстауда қыздарға ағалық қамқорлығын танытып, тоқтау қоя алатын намысты жігіт табылмады ма?» деп ақтаулық жігіттерге сауал жолдады.

Енді бірі қыздардың да, жігіттердің де азғындап бара жатқанын айтып күрсінді.

Тағы бір желі қолданушысы видео авторы мен қыздарды фото мен видеоға түсіріп тұрған ер адамдарға қомақты айыппұл салу керек деген пікірде.

Қыздардың әрекетін қолдағандар да табылды. Олардың ақша табу үшін осындай қадамға барғанын айтып, қыздардың осындай күйге түскеніне жігіттер қауымын кінәлады.

Қыздардың осы қылығы үшін оларды соққыға жығу керектігін жазғандар да бар.

«Көлік жуу қызметін ұсынған мекеме басшысының қызы, қарындасы, анасы жоқ пе екен. Бар болса өз қыздарын осылай шығарып қояма?» деп жазды желі қолданушы.

Пікір білдірушілердің басым көпшілігі жалаңаш қыздарды видеоға, фотоға түсіріп жүрген ер адамдарды сынға алды. 

"Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын жерден алып, жерге салғанда алдарыңа жан салмайсыңдар, ал осындай шүйкебастарды көргенде мәз боласыңдар. Осындай да жігіттік, ұлттық намыстарың қайда кетеді?!" деп пікір қалдырған екен желі қолданушысы.  

Бұл ретте желі қолданушысы қыздарды соққыға жығып немесе оны балағаттап, видеоға түсіріп, осы арқылы арзан атақ алып, "батыр" атану емес, қыздарға ағалық ақылын айту, қажет болса жұмыс табуға көмектесіп, жалаңаш күйде көлік жуу үшін алған ақшасын төлеу арқылы осындай дендеген мәселенің алдын алуға титтей болса да септігін тигізуді меңзесе керек. 

Видеоны Facebook әлеуметтік желісіне таратқан адам ұлтшылдарды жинап, видеодағы қыздарды «құртайық» деп жігіттерге үндеу тастапты.

Естеріңізге сала кетейік, бір топ ер адам жиналып түнгі клубта жалаңаштанған қызға 50 мың теңге берген Айжан Байзақованың үстінен арыз түсірген. Осы жағдайдан кейін көптеген қазақстандық олардың әрекетін жалған батырлыққа балап, одан да өзекті мәселеде неліктен үнсіз қалғанын сұрап, сауал жолдаған болатын. Енді бірі қазақ қыздарының жалаңаштануы, ақша үшін арын сатуы түптеп келгенде ер адамдардың кінәсі екенін айтқан болатын.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір