24Шілде

ҚЫЗ НАЗЫ: ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ «ҚАТЫН МІНЕЗДІ» БОЛЫП БАРА ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

ҚЫЗ НАЗЫ: ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ «ҚАТЫН МІНЕЗДІ» БОЛЫП БАРА ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

Халықаралық әйелдер және аналар мерекесі – 8 наурыз үлкен мереке ретінде тойланатыны бәрімізге мәлім. Өз ері үшін туып-өскен жерін, еркелеп өсірген ата-анасын тастап, өзге шаңырақың түтінін түтеймін деген қыздарымызға, баланы 9 ай құрсағында көтеріп, өмір бойы жүрегінде сақтайтын Аналарымызға, бар өмірін отбасына арнайтын әйелдер қауымына арнап бір күнді ғана емес, әр күнді мереке ету артық болмайды. Сол секілді, әкелеріміз бен ер азаматтарымыздың мерекесі де еленбей қалса, дұрыс емес, әрине. Соған орай 2012 жылы еліміздің күнтізбесінде «қызыл күн» пайда болған еді. Сол уақытқа дейін аты аталғанымен, еленбеген 7 мамыр, яғни Отан қорғаушылар күні 2012 жылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде аталып жүр. 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Ал, аталмыш мерекені кей жігіттеріміз тек әскерге барып келген немесе әскери базадан хабары бар жігіттердің мерекесі деп, соларға сілтей салады. Сонда бұл қоғамда сіздер кімсіздер? Иә, бәлкім қоғам үшін маңызды іс атқарып жатқан шығарсыздар, бірақ Отан қорғаушылар күні менің мерекем емес деп ат тонын ала қашқан мінездеріңіз нағыз азаматқа тән қылық емес.

Сонда Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер дейсіздер ғой. Иә, өз елін қорғауға, елінің намысын қашан да ақтауға дайын азамат – нағыз Отан қорғаушысы болып саналар, бәлкім. Бірақ, менің түсінігімдегі Отан қорғаушысының одан да үлкен мағынасы бар. Отан отбасынан басталады демекші, сенің отбасың – Отан, сенің анаң, әкең – Отан,   сенің әпкең, қарындасың – Отанғ, сенің әр бауырың – Отан. Ең бірінші кезекте әр азамат сол Отанды қорғап үйренуі тиіс. Қарап отырсақ, бұған да қауқары жетпейтін азаматтарымыз жетіп жатыр.

Көпке топырақ шашапаймын. Нағыз ер деп атауға лайық азаматтарымыз бар. Оларға қарап риза боласың, еліміздің болашағына сенімділік танытасың. Алайда, «бірақ» дейтін жайттардың бары көңіл қынжылтады. Бүгінгі таңда қаншама ерлеріміз ұсақталып бара жатыр. Оған бірнеше мысалдарды келтіріп өткім келеді.

Қарапайым бір жағдайды айта кетейін. Автобуста отырған сәтім еді. Бір уақытта аяқ астынан елдің назарын өзіне аударған жанжал туындады. Жоқ, елдің назарын жанжал аудармады, дардай ер азаматтың қария әжейге дауыс көтеруі аударды. Сондағысы, әлгі әжейдің сөмкесі жігіттің әппақ шалбарын былғап қойған. Аң-таң болған жұрт жігіттің ашуын басуға тырысқанымен, әлгінің қарт кісіге айтары таусылар емес. «Тып-тыныш үйлеріңде отырмайсыңдар ма?» дегеннен бастап, «әбден масыл болып біттіңдер» деген ызаға толы сөзімен аяқтады. Байғұс әжейдің не сезінгенін кім білсін? Үнсіз тұра берді. Әлгі жігіт те міз бақпады, кешірім де сұрамады, ұялмады, қызармады. Сыртта мінез көрсеткен азамат отбасында да дәл сондай екеніне күмәным жоқ. Яғни, өз анасына дауыс көтереді, қарындасын жылатады, әпкесін сыйламайды. Өз Отанын қорғауға ол жігіттің қауқары жетпесі анық. Сонда болашақта отбасы сондай жігітке қалай арқа сүйемек?

Тағы бір мысал. Бүгінгі заманда ер мен әйелдің теңесіп кеткені бұрыннан қозғалып келе жатқан мәселе. Ер адам істейтін дүниені әйел де істей алады дейміз де, екі жақтың күшін теңестіріп қоямыз. Бірақ, бірақ... Әйел адам еңбектеніп, ер адам үйінде әйелін күтіп отыратын болса, не дейміз? Әйелім келгенше үй жинап қояйын, тамақ пісіріп қояйын, азық-түлікке барып келейін деп жүретін еркектердің бары жасырын емес. Сөйтеді де, «7 мамыр – менің мерекем, мен бүгін демалам, түк істемеймін» деп шалқайып жатады. Бұл еркектер қоғам үшін кімдер? Ең бастысы, отбасы үшін кім?

Осындайда сықақшы Оспанхан Әубәкіровтың кекесінмен жазылған «Біздің ағай тамаша» деген әлгі бір әні еріксіз еске түседі:

Біздің ағай қызық адам тамаша,

Қызығы бар сан жетпейтін санаса.

Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық-

Томпаң қағып жүгіреді балаша.

Жеңгей кетсе қыдырып,

Кеш келеді күн жүріп,

 Ағай үйде отырады,

Шалпылдатып кір жуып,

Біздің ағай, біздің ағай тамаша...

Дәл осындай «тамаша ағайлар» бүгінде көбейіп барады. Ол ол ма? Бір шеге қаға алмайтын, кранның түбінен су тамшыласа да сантехник шақыртатын, не даланың, не қаланың шаруасына қыры жоқ ақсаусақ жігіттер де қаулап келеді біздің қоғамда. Ал, мал сою, бас-сирақ үйіту, ет мүшелеу болашақта ақысы қымбат жеке кәсіпке айналатын түрі бар. Себебі, бұрын екінің бірі білетін осы іске қазір ауылдың өзінде тек орта жастағы кісілер жауапты болып қалған. Жас жігіттеріміз шаруадан бос қалған. Ал ертең ол өз Отанын, отбасын қалай қорғамақ?

Басты тақырып ретінде алатын тағы бір мәселені айта кеткен жөн. Тырысқан шалбарлар, боялған ұзын шаштар, тесілген құлақтар. Жоқ, мен қыздар жайлы емес, қазақтың бүгінгі жігіттері жайлы айтып тұрмын. Оған мысал да көп. Көшеде жүрген жігіттердің көбін дәл осындай бейнемен көреміз. Тіпті, нағыз мәдениеттің ордасы болуы тиіс сахна төрлерінде де жүреді бұндай жігіттер, жігіттер емес-ау, жігіт-сымақтар. Адамның еркінідігін шектеуге болмайды дейді де, өз білгендерін істейді. Мұндайлар сахна сыртындағы халыққа қандай тәрбие бермек, бұдан бұрын қандай әке болмақ? Өз әйелінен еш айырмашылығы жоқ бұл жігіттерден қандай ұрпақ өрбімек? Ең бастысы Отанын, отбасын қалай қорғамақ?        

Енді бір мәселе, кей жігіттеріміздің әскерге барудағы мақсаты жөнінде айтпақпын. Бүгінгі қоғамдағы заң бойынша, әскери билетсіз жігіттерді жұмысқа алмайды. Не 1 жылға жуық әскерге барып келуі тиіс, не университеттердегі әскери дайындық курстарына барады. Сондағы көбінің мақсаттары – болашақта жұмыссыз қалмау. Жігітер дәл бұлай айтпаса да, әскери билетті алуға асыққан азаматтарымыздың іс әрекетінен осындай дүниені байқауға болады. Ал әскерге әкелеріміз не үшін барған? Нағыз өз-өзіне сенімді, сөзіне жауап беретін, өз жақындары үшін бәріне төтеп бере алатын ер азамат болып тәрбиелену еді ғой әкелеріміздің мақсаты.

Құрметті жігіттер қауымы, қолға қару алып, соғысқа аттанбай-ақ қойыңыздар, төбелесудің неше түрлі әдіс-тәсілдерін білмей-ақ қойсаңыздар да мейлі. Ең бастысы, отбасыңызға тіреу болыңыз, анаңыздың қамқоры, қарындасыңыздың қорғаны, әпкеңіздің жанашыры, жарыңыздың арқа сүйер азаматы болыңыз. Ал отбасы – сіздің Отаныңыз! Сіздің басты міндетіңіз – сол Отанды қорғау.

Ал жігіт басыңызбен анаңыз бен әжеңізге татитын үлкен кісілермен жаға жыртысып тұрсаңыз, өзіңіз тіреу болудың орнына әйеліңіздің етегіне сіз жармасып жүрсеңіз, өз үйіңіздің бір шегесін өзіңіз қаға алмасаңыз, қыз балалармен жарысып құлағыңызды тессеңіз, шашыңызды өсірсеңіз, 7 мамырды сіздердей жігіттердің құрметіне арнап Отан қорғаушылар күні деп атаудың қажеті қанша?!  

Қамшыгер: Гүлім ЖАҚАН

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 2 ай бұрын

    Мұның бәрі елбасымыздың арқасында болып жатқан жәйттар ғой. Адам құқы туралы саясатты қолдамаса да, "гендрлік саясатты" жан-тәнімен қолдап, Алла Тағыланың от басы ошақ қасына ғана жаратқан аналарды еркектерге басшы жасап, діңкілдетіп қойды. Адамзаттың табиғи болмысынан гөрі, рухани байлықтан гөрі ақша, байлық, экономиканы бәрінен жоғары қойды. Қандай реформа жүргізсе де мемлекетті алға бастыра алмады. өзінен бастап, төмендегі қарапайым халыққа дейің азды, тозды, өзі өнеге көрсетіп түбегейлі азғындатты. Халықтың рухын түбегейлі сындрып бітірді де, енді рухани жаңғыру деген атышулы мақаласын жариялады. Рухы сынған халыққа ешқандай байлық та, ақша да, басқа да көмектесе алмайтынына басы жетпеді. Енді сол азғындап болған халықтың рухын орнына келтіру үшін қаншама ондаған жылдар қажет? Алаяққа халық түгілі қойды да сеніп тапсыруға болмайды.

1
Польша президенті сот реформасы жөнінде заңға вето қоймақ
07/24 17:44 0 92
2
«Серпін» жобасы бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды
07/24 17:24 0 119
3
25 шілдеде Астананың қай аудандарында ауыз су болмайды?
07/24 17:12 0 87
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды
07/24 17:10 0 264
БҚО тұрғындары көшеге Жолбарыс батырдың есімін беруге қарсы шықты
07/24 17:10 0 819

Таныстырылғандар

Альварестің Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды
Альварестің Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды

Альварестің Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындығын қашан бастайтыны белгілі болды, деп...
Аудио тыңдау
05/09/2017 12:38 0 330
Адалдықтың қандай болу керектігін көрсеткен итке ескерткіш орнатылды
Адалдықтың қандай болу керектігін көрсеткен итке ескерткіш орнатылды

Адалдықтың қандай болу керектігін көрсеткен итке ескерткіш орнатылды

Тольяттидегі отбасылық жұп неміс овчаркасын күшік кезінде асырап алған. Уақыт өте келе ит отбасының бір мүшесіндей болып кетеді. Отбасылық жұп қайда барса да...
05/11/2017 11:16 0 943
Атыраулық қария Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлер туралы шындықты жайып салды
Атыраулық қария Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлер туралы шындықты жайып салды

Атыраулық қария Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлер туралы шындықты жайып салды

Атырау облысындағы Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа “крышасы” бар браконьерлердің көп ...
05/13/2017 10:06 0 831
Мемлекет басшысының Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары
Мемлекет басшысының Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары

Мемлекет басшысының Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары

 
Аудио тыңдау
05/21/2017 09:16 8 1217
Бір-біріне ұқсайтын ерлі-зайыптылар осындай нәтижеге жету үшін 10 шақты операция жасатқан (ФОТО)
Бір-біріне ұқсайтын ерлі-зайыптылар осындай нәтижеге жету үшін 10 шақты операция жасатқан (ФОТО)

Бір-біріне ұқсайтын ерлі-зайыптылар осындай нәтижеге жету үшін 10 шақты операция жасатқан (ФОТО)

Әлемде ессіз сезімннің кесірінен ерлі-зайыптылар түрлі қадамдарға барады. Ғашық екенмін деп небір сорақылықтарға барып жатқан жастарға қашан ақыл кіреді екен?!...
05/31/2017 18:11 0 618
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ EXPO-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ  ҮНДЕУІ
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ EXPO-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮНДЕУІ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ EXPO-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮНДЕУІ

Біз мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, мәртебесін арттырып, абыройын асқақтата түсетін әлемдік деңгейдегі тарихи іс-шараның қарсаңында тұрмыз.
06/07/2017 17:18 4 550
Павлодарда 13 миллион теңгеге есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Павлодарда 13 миллион теңгеге есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Павлодарда 13 миллион теңгеге есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Павлодар облысында «Көкнәр» есірткіге қарсы операциясын өткізу барысында полицейлер еліміздің оңтүстік өңірінен есірткі тасымалдауына тосқауыл...
06/14/2017 10:43 0 276
Головкин: Мен Сондерсті екі рет жекпе-жекке шақырдым, бірақ ол бас тартты
Головкин: Мен Сондерсті екі рет жекпе-жекке шақырдым, бірақ ол бас тартты

Головкин: Мен Сондерсті екі рет жекпе-жекке шақырдым, бірақ ол бас тартты

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) орта салмақтағы WBO тұжырымының...
06/21/2017 09:47 0 144
Трамп Ресейге қарсы санкцияны неліктен күшейтті?
Трамп Ресейге қарсы санкцияны неліктен күшейтті?

Трамп Ресейге қарсы санкцияны неліктен күшейтті?

АҚШ Ресейге қарсы санкцияны күшейтті деп хабарлайды
06/21/2017 10:26 5 1035
ЭКСПО аумағында «бомба қойды» деген күдікті қолға түсті
ЭКСПО аумағында «бомба қойды» деген күдікті қолға түсті

ЭКСПО аумағында «бомба қойды» деген күдікті қолға түсті

Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» каналына көрме аумағында "жарылғыш құрылғы орнатылған", - деп белгісіз ер адам қоңырау...
Аудио тыңдау
06/21/2017 15:22 0 406
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ КЕЛДІ
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ КЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ КЕЛДІ

Еліміздің егемендігі ширек ғасыр кезеңнен өтті. Маңызды жетістіктеріміз қатарында:
06/28/2017 15:20 6 1913
Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды
Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды

Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды

Бұл сот Бразилия тарихында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған алғашқы жағдай.
07/13/2017 10:03 0 420
Намаз оқы!  Жаттасаңшы құранды!
Намаз оқы! Жаттасаңшы құранды!

Намаз оқы! Жаттасаңшы құранды!

Иə,білем мына заман алдамшы Тым болмаса қалдырмашы жұмаңды.
07/20/2017 16:04 0 110
Ұлы елдердің ұлы мұраттары. Great dreams of great countries
Ұлы елдердің ұлы мұраттары. Great dreams of great countries

Ұлы елдердің ұлы мұраттары. Great dreams of great countries

Әлем діндерінің ішкі ресурстары бітіп, алғашқы қалпынан ауытқып кетті.
07/21/2017 00:21 1 485
Атыраудағы мұнай зауытында шетелдік жұмыскерлерге бананды тығып берген
Атыраудағы мұнай зауытында шетелдік жұмыскерлерге бананды тығып берген

Атыраудағы мұнай зауытында шетелдік жұмыскерлерге бананды тығып берген

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы мұнай компанияларының бірінде орын алған жағдайдың видеосы таралды
07/22/2017 11:32 6 7353