• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:44:26
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

Қытайға қызын берген әке: Алдымда таңдау тұрды...

Әкесінің айтуынша, қызын Қытай азаматына беруге туыстары мен жақындары әу баста қарсы болған.

Жуырда ғана қызын қытай ұлтының азаматына берген Сүлеймен Асқар Бағытұлы Zakon.kz редакциясына ашық хат жіберіпті. Әкесінің айтуынша, қызын Қытай азаматына беруге туыстары мен жақындары әу баста қарсы болған. Алайда жастардың махаббатына көздерін жеткізген олардың көнбеске амалы қалмаған. Қытайлықтармен құдандалы болған әке хатының мазмұны төмендегідей:

Мен, Сүлеймен Асқар Бағытұлы өзімнің ағайын туысқандарыма, достарыма, жұмыстастарыма және барлық мен танитын ағайындарға қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуының себебін шынайы жеткізгім келеді.

Әкесі ретінде қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуына байланысты әлеуметтік желілерде айтылып жатқан сындарға, атап айтқанда байыбына бармай, жамандап, қарғап - сілеп, не бір жаман сөздермен ата- анасын, ағайын-тумасын және жастарды кіналәп, қорқытып-үркітіп жатқандарыңыз өте өкінішті.

«Сауатсыз, намыссыз, жағдайы жоқ. Қыздарын қытай жігітіне сатып жатыр» деген жалған ақпарат таратуларыңыз себепсіз.

Қызым 2012-2016 жылдар аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетін (РУДН) қызыл жоғары біліммен бітіріп, еліне Қазақстанға келді. Білімін жетілдіру үшін (магистратура) 2016-2018 жылдары Алматы қаласындағы АlmaU (Алматы Менеджмент Университеті) магистр атағын алып шықты. Содан Англия , Малайзия елдерінде тағылымдамадан өткен болатын. Осы екі жыл ішінде қытай азаматымен бірге танысып, бірге оқып, бірге тағылымдамадан өтіп жақсы таныстыққа айналып, арты шынайы сезімге ұласады.

Ата-анасына, туған үйіне келіп өз ойын, жүрек қалауын, сезімін жеткізген болатын. Әрине қытай халқын білетініміз бар, білмейтініміз бар. Қазақ халқының көзқарасына байланысты қарсы болдық. Қарсылығымыз екі жылға созылды. Бірақ сол уақыттың ішінде балаларымыздың бір-біріне деген шынайы сезімдеріне көзіміз анық жетіп өз рұқсатымды бердім. Бұндай жағдайды басына түспей, жүрекпен сезбей басқа адам баласы дұрыс түсіне алмайды деп ойлаймын.

Менің әке ретінде алдымда таңдау тұрды: екі жастың қол ұстасып құздан құлауына немесе өз абыройымды ойлап қалуым. Мен екі жастың бақыты мен амандығын таңдадым.

Қазақтың ата салт-дәстүрімен құда түсіп, Алматы қаласында ұзату тойын жасадым.

Қазақ қызының қазақ тарихында бірінші болып менің қызым қытай азамытына тұрмысқа шығып жатыр ма еді? Қазақстанда 2010 -2016 жылдар аралығында 253 Қазақстан азаматшалары Қытай азаматтарымен тұрмыс құрса, 277 Қытай азаматшалары Қазақ азаматтарымен тұрмыс құрған.
Қытай халқы жау болса 1,5 млн қазақ бауырларымыз сол елде қалай тұрып жатыр? Мен таңқалатыным, Қытай халқың жау қылып көрсетіп отырған, жалған ақпарат таратып жүрген адамдар соның ішінде елге танымал азаматтар сізге де, бізге де жақсылық тілеп жүрген адамдар емес. Бүгінгі таңда Қазақстан елінде 130-дан аса ұлт өкілдерінің ауызбіршілігімен тыныштығын бұзу деп ойлаймын.

Маусым айының 15-нен бастап әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, whatsapp) танитын және танымайтын тұлғалардың маған, жанұяма,ағайын – тумама айтылып жатқан сындарға, байыбына бармай, жамандап, қарғап - сілеп, не бір жаман сөздермен кінәлап, қорқытып-үркітуіне жол берген, фото, бейнежазбаларды таратқан жанашыр деген қонақтарымыздың бұл ісін ешқандай түсіне алмай отырмын. Осындай ақпарат таратып жазып отырған адамдар сіздер де ұл-қыз өсіріп отырсыздар, алдарыңызда не күтіп тұрғанына кім кепіл?

Бетімізге күле қарап, қуанышымызбен қайғымызға ортақтаса жүріп бұл не істегендеріңіз? Бұдан бөлек біздің жағдайымызды түсініп таныса да, танымаса да түсіністікпен караған бауырларымызға бас иеміз. "Қытайға қызыңды бердің", "неге өлтіріп тастамайсыз" деп айтып, жазып жатқан адамдарға айтарым сабалараңызға түсіп, Алладан қорқыңыз дегім келеді. Басымда болып жатқан жағдайды бір Алланың өзі реттеп, бір Алла жар болсын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір