• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:08:10
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

Қытайға бірталай жер кетті – Рысбек Сәрсенбай

Сарытау деген тау бар. Қарағайы жайқалған, сулы-нулы өлке. Сол жер Қытайға қарап кетті.

Астанада Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері мен азаматтық белсенділер жер мәселесін талқылап жатыр. Қоғамдық тыңдауда сөз сөйлеген тәуелсіз журналист Рысбек Сәрсенбай Қытаймен шекара бөліскенде Қазақстанның ұтылып қалғанын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

– «Қытаймен шекараны делимитациялағанда есемізді жібермедік», – дейді ғой шенеуніктер. Мен өзім Райымбек ауданының тумасымын. Ол өңірде Сарытау деген тау бар. Қарағайы жайқалған, сулы-нулы өлке. Сол жер Қытайға қарап кетті. Ал біздің билік делимитация сәтті аяқталды дейді. Осындайда Шерхан Мұртаза ағамыз: «Атасының басы», – деуші еді. Анайылау болса да, сол сөзді айтуға тура келеді. Өтірік ол, жалған нәрсе. Айрылдық. Сондай нәрселерге жол берілмес үшін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жердің мәселесін ғана емес, тұтас жер мәселесін қарауымыз керек, – деді журналист.

Ол сонымен қатар жер реформасына қарсы митингіге қатысқаны үшін сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аянды еске алып өтті.

– Біз қазір мына қонақүйде, жылы, жайлы жерде отырмыз. Ал Макс пен Талғат тар қапаста қамалып жатыр. Тәуелсіздікке, мемлекеттілікке, тұтастыққа қатер төндірген сол қиғаштыққа біз де келіспедік. Қуғындауға, ескертуге қарамастан, көппен бірге көшеге шықтық. Қарсылық білдірдік. Ұстады, тергеді, әкімшілік сотқа тартты, айып төлеттірді. Анығында, биліктің көзімен қарасақ, Макс Боқаев пен Талғат Аян жасаған «қылмысты» біз де жасадық, – деді Рысбек Сәрсенбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір