• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:22:26
Алматы
+35°

BBC журналисі Қытайдың ұйғырлар тұратын Синьцзян ұйғыр автономиялы ауданына барып, ондағы жағдаймен танысқан. BBC журналистері түсірген видеодан көшеде бақылаудың күшті екенін байқауға болады. Көшеде автомат асынған полицейлер көп жүреді. Ғимараттың барлығында дерлік адамдарды қатаң тексеруден өткізіп кіргізеді. 

Қытайдың Синьцзян ауданының тұрғындарының бірі журналиске ондағы өмірі жақсы екенін айтады. Халықпен сұхбаттасқысы келген журналисті көрген полицейлер бірден түсірілім тобын қоршауға алып, құжаттарын тексеріп, тұрғындармен сөйлесуге мұрша бермеді. 

Әбдурахман Хасан Қытай полициясының қудалауынан кейін Түркияға қашып келген. Анасы, әйелі мен балаларын ұстап әкеткен. Әбдурахман Хасан "біздің бар кінәміз ұйғыр болғанымыз" дейді. Ол отбасы тірі не өлі екенін білмейді. 

Қытай билігі мұсылмандар көп шоғырлаған ауданды қатаң бақылауда ұстау арқылы терроризмнің алдын аламыз дегенді айтады. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір