• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:18:41
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Оқиғалар

2013 жылы Қытайда отбасылық жұп жасанды ұрықтандыру арқылы балалы болуды көздеп, бірнеше эмбрионды сақтап қойған.

Көлік апатынан кейін қайтыс болған жұптың ата-аналары эмбриондарды қолдануға рұқсат алу үшін сотқа арызданып, сотта жеңіп шыққан.

Желтоқсанда баланы суррогат ана дүниеге әкелді. Ол – Лаос тұрғыны.

Көлік апаты кезінде эмбриондар Нанкин қаласында минус 196 градуста сұйық азотпен сақталған.

Ұзақ уақытқа созылған тексеру жұмыстарынан кейін, сот апатта мерт болған жұптың ата-анасына эмбриондарды беру туралы шешім шығарды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Қытайда бұрын-соңды ата-ана өз балаларының эмбриондарын пайдалануға рұқсат алмаған.

Қытайда суррогат ана болуға заңмен тыйым салынғандықтан баланың әжелері мен аталары шетелге шығуға мәжбүр болған. Олар Лаостағы суррогат аналардың қызметін ұсынатын агенттікке жүгінген.

2017 жылы желтоқсанда Тяньтянь есімді бала дүниеге келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір