• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:37:21
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 NEWS

Қытайда қаза тапқан 18 жастағы қыз туралы жаңа дерек шықты

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қайтыс болған 18 жастағы қызды зорлау фактісі ...

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайда қайтыс болған 18 жастағы қызды зорлау фактісі расталмағанын мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Қыз зорлау фактісі расталмады, алайда зорлық көрсетуге деген ұмтылыс болған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, қыз құлаудың салдарынан мерт болған»,- деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Ведомство өкілдері сонымен қатар Қытайда 18 жастағы қыздың 14 қабаттан құлаған кезінде қасында болған екі Пәкістан азаматы да ұсталғанын айтты.

«Осы оқиғадан кейін Қытай полициясы тергеуді бастады. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес олардың жасы 26-30 аралығында. Олардың студент болған-болмағаны әзірге белгісіз. Олардың бірі қамауда отыр, ал екіншісіне тергеу аяқталмайынша ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Екінші қыз оқиғаға қатысты түсініктеме берген, қазір ол оқуын жалғастыруда», - деді Жайнақов.

СІМ өкілі Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығының ерекше қадағалауында екендігін айтады. Дипломатиялық ведомствоның мәліметінше, 1 желтоқсан күні Суджоу университеттерінің бірінде оқитын он сегіз жастағы қазақстандық студент қыз құрбысымен бірге танысы Пәкістан азаматына қонаққа барады. Ол жерде оның досы да болған. Бір кезде мас күйде олар қыздарға жармаса бастайды. Қыздың біреуі жасырынып қалады, ал екінші қыз 14-қабаттан құлап, мерт болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір