• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:45:52
Алматы
+35°

28 Қараша, 2017 NEWS

Қытайда миллиардер әйелдердің жаңа буыны қалыптасуда

2010 жылдан бері әйелдердің жиынтық байлығы 20 пайызға азайып, өзіндік байлық 2010 жылы екі есе өсті.

Қытайдағы жеке кәсіпкерліктің рөлі және көлемі қандай екендігі көпшілікке аян. Күншығыс елінің экономикасы күн санап өсіп келеді және тек 2017 жылдың бірінші жартысында ғана тіркелген жаңа бизнестің көлемі 13,2%-ға өскен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агентігі. 

Соның ішінде, айтыла бермейтін кәсіпкер әйелдердің тобы бар. Соңғы бір-екі жыл қытайлық кәсіпкер әйелдер үшін өте сәтті болғаны сөзсіз. Қытай өзін-өзі жасаған кәсіпкер әйелдердің астанасына айналды десе де болады. Өйткені Forbes жасаған үздің кәсіпкер әйелдердің тізіміне 9 қытайлық қыз-келіншек енді. Бұл нәтиже бойынша, 2017 жылы Қытай АҚШ-ты да басып озды, өйткені АҚШ-тан тек 5 кәсіпкер әйел ғана тіркелген. 

Қытайлық әйелдер ондағы еркектерден де мықтырақ болып тұр. Өйткені Қытайдағы миллиардерлердің 6%-ын өзін-өзі жасаған әйелдер құрайды. 

миллиардер әйелдер

Қытайдағы миллиардер әйелдерді бүкіл әлемдегі әріптестерінен ерекшелейтін екі негізгі сипат бар. Біріншіден, олар бірыңғай индустрияға назар аударады, екіншіден, олар отандас ерлермен салыстырғанда саяси тұрғыдан белсенді емес.

Бірнеше жыл бұрын қытайлық әйелдерге жылжымайтын мүлікпен айналысу баюдың ең жылдам жолы болды. Тіпті 2017 жылы Қытайдағы байлық баспалдағының алғашқы үш орыны жылжымайтын мүлікке салынған капиталмен, атап айтқанда, Ян Хуйянг, Ву Яджун және Чен Лайва қолында болды. Дегенмен, Қытайдағы әйелдердің миллиардерлерінің көпшілігі тізімге 2010 жылға дейін кірді. Ву Ланлан, Чен Лияң және Таң Джианфанг сияқты көптеген жаңа қытайлық миллиардерлер логистика, тауар орау және пошта қызметтеріне мамандандырылған жеткізу желілерін оңтайландыру арқылы өзінің байлығын ұлғайтты. Көбіне олар өздерінің күйеулерімен тиімділікке қол жеткізуді көздейді.

Қытайдың ең бай әйелдері еркек әріптестеріне қарағанда қайырымдылықты танытады. Тізімдегі әйел миллиардерлер өздерінің он таңбалы табысы бар филантроптық жобаларын іске қосты. 

форбс миллиардерлер тізімі

2010 жылдан бері әйелдердің жиынтық байлығы 20 пайызға азайып, ал өзіндік байлық екі есе өсті. Сонымен қатар, олар отбасымен іскерлік қарым-қатынаста теңдесі жоқ табысқа қол жеткізді. Бұл үлгі ескі «отбасылық бизнес» терминіне жаңа мән берді: отбасылық бизнестің негізгі мүдделі тараптары - дәстүрлі әке-шеше, туысқандық қарым-қатынас емес, күйеу мен әйелдің жақындығы.

Зор еңбекқорлық, іскерлік жеңіс пен нарыққа өте жылдам бейімделу, шағын отбасылық бизнес - осылардың барлығы бүгінгі таңдағы бай қытайлық әйелді суреттейтін қасиеттердің жиынтығы.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір