• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:08:47
Алматы
+35°

07 Мамыр, 2018 Оқиғалар

Қытайда 118 баланы асырап алған әйел ұсталды

Ли Лицзюань 2007 жылы «Махаббат ауылы» атты балалар үйін ашты.

Қытайдың шығысындағы Уань қаласының полицейлері 118 баланы асырап алған әйелді қамауға алды. Ал балалар үйін жапты.

Ли Лицзюань 1996 жылдан бастап балаларды асырап ала бастаған. 2007 жылы «Махаббат ауылы» атты балалар үйін ашты. Жергілікті БАҚ жүзден астам баланы тәрбиелеп, өсірген әйел туралы көп жазған. Соның арқасында Ли Лицзюань Қытайға танылған.

Полицияның мәліметіне сәйкес, әйел балаларға тиесілі қаржыны өзінің жеке мақсатында пайдаланған. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің кейбірінің ата-анасы бар болып шыққан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір