• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:42:18
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Саясат

Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын

Қытай төрағасы Ши жин пиң АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығып кеткеніне өкінішін білдірді.

Қытай төрағасы Ши жин пиң АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығып кеткеніне өкінішін білдіріп, келісімді сақтауда Ресеймен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.  

«Біз АҚШ-тың Иран келісімінен шығып кеткеніне өкінеміз. Келісімді сақтау аясында Қытай Ресеймен және өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын», - деді Ши жин пиң ШЫҰ-ның кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдеме жасап, Вашингтон Иран келісімінен шығатынын мәлімдеген. Ол Иранды «терроризмді қолдады» деп айыптады. Мәлімдемесі барысында «Иран келісімін қайта қарау керек немесе мүлде тоқтату қажет» деп тоқетерін айтқан болатын. Өз кезегінде Иран президенті Хасан Роухани «АҚШ 2015 жылғы ядролық келісімнен шықса, опық жейді» деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір