• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:00:04
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 NEWS

Қытай халқының бақыты біз үшін өте маңызды – Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «CCTV-13» арнасына берген сұхбатында Қытай халқын жаңа жылдарымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай халқын «CCTV-13» арнасына берген сұхбатында жаңа жылдарымен құттықтады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қытайда басты арна саналатын «CCTV-13» арнасы Қазақстан Президентінің Қытай халқын жаңа жылмен құттықтаған видеосын жариялады.

Келе жатқан Көктем мерекесі Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл болып саналады.

«Қытайдың тату көршісі ретінде Қазақстан халқы қытайлықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды. Барша Қытай халқына тыныштық пен береке, зор денсаулық, бақыт тілеймін. Сонымен қатар, 19-съезде қойылған мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізіп, жақсы нәтиже көрсетулерін тілеймін. Екі елдің қарым-қатынасы өте тығыз болғандықтан, Қытай халқының бақыты біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта әлі де көптеген жұмысты бірлесіп атқаратын боламыз», - деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президенті Қытай халқын ТВ арқылы Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған алғашқы шетелдік көшбасшылардың бірі болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Қытайдың «CCTV-13» арнасына сұхбат берген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір