• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:55:27
Алматы
+35°

20 Маусым, 2017 IT

Қытай хакерлері веб-камера арқылы бүкіл әлемді бақылай алатын болды

Қытай хаккерлері   веб-камералар арқылы әлемнің кез келген жеріндегі  пайдаланушылардың  құрылғыларына  ене алатын бағдарламаларды...

Қытай хаккерлері   веб-камералар арқылы әлемнің кез келген жеріндегі  пайдаланушылардың  құрылғыларына  ене алатын бағдарламаларды сата бастады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Росбалт ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.  

Мashable  ақпараттық сайтының хабарлауы  бойынша,  құрылғы  28 $ бағаланған. 

Хаккерлер мессенджердегі топтық чаттар арқылы бағдарлама туралы ақпаратты бөлісіп отырған. Атап айтқанда,  олар  веб-камераларға  қосылу  үшін пайдаланушылардың аты мен құпиясөздерін жариялап отырған. Ондағы күнделікті тізімнің саны  200-400  құрайды.

Әккі айлакерлер аталмыш бағдарлама арқылы қолданушының  көмегінсіз-ақ жүйелік параметрлер мен құпия сөздерді өзгеру мүмкіндігіне ие болды. Сарапшылар  ондай келеңсіздікке тап болмас үшін, гаджет құрылығыларындағы қосымшаларды жиі жаңартуға кеңес беруде.

Шолушы: Ақерке Маратқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір