• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:18:11
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Саясат

Қытай Компартиясы бар күшін «ұлттық  жаңғыру» арманын орындауға жұмсамақ

18 қазанда Бейжіңде Қытай компартиясының 19-шы съезі өтті. Бүкіл халық демін ішке тартып, съезде талқыланатын мәселелердің шешімін күтуде.

18 қазанда Бейжіңде Қытай компартиясының 19-шы съезі өтті. Бүкіл халық демін ішке тартып, съезде талқыланатын мәселелердің шешімін күтуде,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл шешімді жүзеге асыруға әлемдегі ең ірі саяси партия болып есептелетін 80 миллион мүшесі бар партиялар күш жұмсайды.

Орталық Компартияны Си Цзиньпин басқарған уақыттан бері тек бес жыл ғана уақыт өтті. Бес жыл деген түк емес болып көрінгенмен, осы уақыт аралығында ҚХР-да қаншама өзгерістер орын алды десеңізші?! Кейбір елдер бұдан да ұзақ мерзімде бір орында тұрақталып тұр. Ғарыш саласындағы бұрын соңды болмаған жетістіктер Қытайды өзге әлемдік державалардан даралап тұр. Бұл туралы ой қозғағанда есімізге тек Гагарин мен Королева ғана оралады. Қытайдың да өз Гагарині, Терешковасы жетіп жатыр.

Қытайдың жер бетіндегі жетістіктерін әңгіме етер болсақ, жоғары жылдымдықтағы  жолаушы тасымалдайтын поездары әлемді жаулап алғалы қашан. Қытай инженерлері мен көпір салушыларына келер болсақ, тіпті өте биік таулардың үстінен көлік жолдары мен темір жолы өтетіндей етіп жасап қойған. Миллиардтаған халқы бар болғанына қарамастан, Қытай роботтарды жасаудан алдыңғы орынға шығып кеткен. Жұмыс қолы жетіп-артылатынына қарамастан, қытайлықтар болашақта ғылым, техника және электронды құрылғылар әлемді басқаратынына күмән келтірмейді. Сондықтан қазірдің өзінде Қытай мультимедия саласында топ жарып келеді.

Авиация және теңіз флоты Қытай экономикасының басымдылығынан тыс қалған емес. Бұрындары текстиль мен әлемдік ойыншық фабрикасы болған Қытай бүгінде әлемдегі санаулы ғана елдер шығара алатын жаңа құрылғылар жасаудан көш басында тұр.

Әрине, бұл орайда Қытай жеткен жетістіктерді алдыңғы толқынның күшінсіз орындау мүмкін емес екендігі анық. Бесінші толқынның қытайлық басшылары өз елін жаңа белестерге жетелеуде, ол асуларды әлі үйреніп, бағындыру керек.

Қазіргі кезде өтіп жатқан қытай коммунистернің 19-шы съезі қытайлық ерекшеліктегі социализмнің дамуына әсер ететін өте маңызды отырыс болып есептеледі. Қытайлық ерекшеліктегі социализм 40 жыл бұрынғы ашық есік саясатынан кейінгі қолданыстағы тәжірибе.

Си Цзыньпин бүкіл халықты «екі жүзжылдыққа» арнап жасалған жоспарды орындау мақсатында жұмыла әрекет етіп, құлшыныс танытуды сұрады.

Дмитрий Владимиров

Қытай жөніндегі маман, мәмілегер және журналист

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір